Қытайда нөсер жауын астық алқаптарын жойды

456

Фермерлер шығынға батты.

Қытайда нөсер жауын астық алқаптарын жойды Фото: Ашық дереккөзден

Қытай билігі биыл бидай өнімі аз жиналатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Елдің басты егіс алқаптары орналасқан Хэнань провинциясында нөсер жауып, салдарынан, өсіп тұрған өнім жарамсыз болып қалды. Фермерлердің айтуынша, жауын-шашын алдымен аймақтың үштен бір бөлігіне қауіп төндірген, алайда, жауын-шашын бірнеше тәулікке жалғасқан соң, егіннің бәрі дерлік жарамай қалды. Зардап шеккен аймақтарға елдің Ауыл шаруашылығы министрі келді. Ведомство тарапынан 28 млн доллар көмек бөлінетінін айтты. Бұл қаражат елдегі ең ірі астық өндіруші Хэнань провинциясында егіс алқаптарын қалпына келтіру үшін берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу