Қытайда оқушылар мен студенттерге офлайн оқуға рұқсат етілді

687

Жақында Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі жоспарын жариялады.

Қытайда оқушылар мен студенттерге офлайн оқуға рұқсат етілді

Онда COVID-19 инфекциясы тіркелмеген оқу орындарына офлайн режимде сабақты қайта бастауға рұқсат етілгені жазылған.

Жоспарда жоғары оқу орындары, орта және бастауыш мектептер, мектепке дейінгі білім беру мекемелері қамтылған, ал басқа оқу орындары жағдайға қарай жоспарды басшылыққа ала алады, деп жазды Синьхуа.

Жоспарға сәйкес, университеттер кейбір адамдарды қоспағанда, бұдын былай оқытушылар мен студенттер арасында коронавирус нуклеин қышқылдарына жаппай тестілеуді ұйымдастырмайтын болды.

Сонымен бірге университет аумағы мен университет қалашығының қоғамдық орындарына кірген кезде ПТР талап етілмейді, бұл талап тек елдің басқа аймақтарынан университетке оралғандар үшін ғана қалады.

Сырқат қайта өршіген жағдайда орта мектептер, бастауыш мектептер мен балабақшалар қатаң жабық есік режиміне бағынуы керек, ал мекемелер мен университеттерге аймақтық басқару үлгісіне көшуге рұқсат етіледі, делінген жоспарда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу