Қытайдағы өнеркәсіптік өсім қарқыны наурызбен салыстырғанда 2024 жылдың сәуірінде баяулады. Бұған ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасы жариялаған сатып алу менеджерлері индексінің (PMI) көрсеткіштері дәлел, деп жазады inbusiness.kz cайты DW-ға сілтеме жасап.
ҚХР өңдеу өнеркәсібінде наурыз айында 50,8 болған PMI индексі 50,4-ке дейін төмендеді. "Бұл екінші тоқсанның басында қарқынды дамып келе жатқан сектордың өсу қарқыны біршама әлсірегенін көрсетеді", - деп түсіндіреді Reuters агенттігі.
PMI индексінде 50 көрсеткіші тірек мән ретінде таңдалған: осы белгіден жоғары деңгей өсімді көрсетсе, ал оның төмендеуі баяулауды білдіреді. ҚХР Мемлекеттік статистикалық басқармасының деректерінен көрініп тұрғандай, елдегі экспорттық тапсырыстар көлемі қытайлықтар күткеннен әлдеқайда баяу қарқынмен өскен. Сонымен бірге халықты жұмыспен қамту деңгейі одан әрі төмендеп жатыр.
Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, Қытайдың өзекті мәселелері жылжымайтын мүлік нарығының құлдырауымен, ішкі сұраныстың төмендеуімен, сондай-ақ "үй шаруашылықтары мен инвесторлардың сенімін шайқалтқан және экономикалық перспективаларды бұлыңғыр ететін" коммуналдық қарыздың өсуімен байланысты", - деп еске алады Reuters.