Қытай астанасы Пекиннің оңтүстігіндегі шеткі ауданда тұрғын үй өртеніп, 19 адам қаза тапты, тағы 8 тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 3 сағаттай алысып, әзер өшірген. Оған 14 өртсөндіруші топ пен 34 техника жұмылдырылған.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт тұрғын үйдегі заңсыз өндірістік нысанда пайда болып ары қарай барлық ғимаратқа жайылған. Ал тұрғын үйдегі пәтерлердің көбі жалға беріліп келген. Бірақ әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу