Қытайда өтетін интернет-конференцияға 80 елдің өкілі қатысады

725

Қытайда өтетін интернет-конференцияға 80 елдің өкілі қатысады

Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Учжэнь қаласында IV дүниежүзілік интернет-конференция ашылды, деп хабарлайды 24.kz.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жиынға қатысушыларға сәлемін жеткізіп, конференцияны сәтті өткізуді тіледі. 5 желтоқсанға дейін жалғасатын шарада жасанды зияткерлік, тапшылықпен ғаламтор арқылы күресу, интернет коммуникациялар мен әлеуметтік жауапкершілік, жаһандық цифрлық экономика, киберкеңістік нормалары, сонымен қатар оны қолданудағы халықаралық әріптестік аясындағы тақырыптар қозғалады.

Биыл аталмыш конференцияға әлемнің 80 елінен мың жарым адам қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу