Ресейлік теннисші қыз Мария Шарапова әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) ұйымдастыруымен Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан жарыста америкалық Элисон Рискені жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Lenta.ru.
Екі сағат 24 минутқа созылған кездесу 4:6, 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.
4 қаңтарда Шэньчжэн турнирінде ол отандасымыз 24 жастағы Зарина Дияспен (WTA рейтингінде 66-шы орын) кездеседі. Қазақстандық теннисші қыз 1/8 финалда алаң иесі Ш. Чжанды 6:3, 6(5):7(7), 6:4 есебімен жеңді. Бірінші ойында ол француздық Полин Пармантьені 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктіпрген еді.
Жарыстың бірінші ойынында ресейлік 30 жастағы спортшы қыз Румыния теннисшісі Михаэла Бузэрнескуді 6:3, 6:0 есебімен жеңген еді.
Шарапова WTA рейтингінде 59-шы орында тұр. Ресейлік теннисші қыздар арасында ең үздік көрсеткіш Светлана Кузнецоваға тиесілі, ол 12-ші орында тұр. Жалпы рейтингте румыниялық Симоне Халеп көш бастап тұр.