Қытайда өткен көрмеде қазақстандық май мен балыққа сұраныс көп болды

979

Қытайда өткен көрмеде қазақстандық май мен балыққа сұраныс көп болды

Қазақстанның Қытайдағы сауда-экономикалық миссиясы Сиань қаласында өткен жыл сайынғы VII халықаралық сатып алу көрмесіне қатысты, деп хабарлайды elorda.info.

Қытайлық компаниялар ауылшаруашылық өнімдерінің импортына, қазақстандық май мен балыққа қызығушылық танытуда. Қытай тарабынан 30-дан астам компания қатысты.

Сауда-экономикалық миссиясын ҚР инвестициялар және даму министрлігі, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы және Қытайдың халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті ұйымдастырды.

Іс-шара барысында екі елдің бизнес-қауымдастықтары инвестиция, логистика және сауда салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі мәселелерін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу