Қытайда парақор шенеунік өлім жазасына кесілді

1507

Қытайда парақор шенеунік өлім жазасына кесілді

Қытайдың Энергетика істері жөніндегі басқармасының қызметкері Вэй Пэнъюань 31 млн доллар пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді. Үкім екі жылдан кейін орындалатын болды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының дерегі бойынша Вэй Пэнъюань аталған басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып, көмір саласына жауапты болған.

Әдетте Қытай сотының өлім жазасына қатысты үкімі жылдам орындалады. Ал егер сот өлім жазасы туралы үкім шығарып, оны орындауды кейінге шегерсе, сотталушының ажалдан аман қалуына мүмкіндігі бар. Жасаған ісіне өкініш білдіріп, түзелуге талпыныс танытса оған кесілген үкім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе ұзақ уақыт абақтыға қамау жазасына алмастырылуы мүмкін.

 reactor.inform.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу