Қытайда 650 жыл бұрын салынған тарихи ғимараттың төбесі опырылып түсті

255

Былтыр ғана мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілген. 

Қытайда 650 жыл бұрын салынған тарихи ғимараттың төбесі опырылып түсті Фото: бейнежазбадан

Қытайда Мин әулеті кезінде салынған тарихи мұнараның төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Оқиға 19 мамыр күні кешке Аньхой провинциясындағы Фэньян қаласында болған. Мұнараның төбесінен тақтайшалар құлап кеткен. Оқиға орнына түсірілген бейнежазбалар желіде таралды.

Мұнара 1375 жылы Мин әулетінің императоры кезінде бой көтерген. Соңғы рет жөндеу жұмыстары 2024 жылдың наурызында жүргізілген. Жергілікті БАҚ мәліметінше, реконструкцияға 3,4 млн юань жұмсалған.

Тарихи ескерткіштің негізгі ғимараты аман қалды. Қазір аумақ қоршауға алынған. Жергілікті билік зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.

Қытайда осыған ұқсас бірнеше тарихи мұнаралар бар. Алайда Фэньяндағы ең үлкені болып есептеледі. Оның биіктігі – шамамен 20 метр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу