Қытайда шахта құлап, 53 адам жоғалып кетті

540

Қытайдың Ішкі Моңғолия аймағында құтқару операциясы лай көшкініне байланысты президент Си Цзиньпиннің бұйрығымен тоқтатылды.  

Қытайда шахта құлап, 53 адам жоғалып кетті Фото: gazeta.ru

Айта кетейік, кеше мұнда кең ауқымды шахта құлап, екі адам қаза тауып, 53 жұмысшы жоғалып кетті. Оларды құтқаруға 230 адам, 41 машина және 6 ит жіберілді. Құтқарушылар саны 500-ге жуықтауы мүмкін.

Ішкі Моңғолия – Қытайдың ең ірі көмір өндіруші аймақтарының бірі. Отын бағасын төмендету үшін мұнда кейінгі кездері жұмыс қарқыны арттырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу