Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында орналасқан көмір шахтасында болған апат салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report-қа сілтеме жасап.
Оқиға 24 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:10 шамасында "Даин" көмір шахтасында тіркелген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, шахтада көмір мен газдың кенеттен бөлінуі салдарынан төтенше жағдай орын алған.
Құтқарушылар апат орнынан төрт адамның мәйітін тапты. Сонымен қатар тағы үш адамның хабар-ошарсыз кеткені белгілі болды. Қазіргі уақытта шахтада іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу