Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында шахтада өрт шығып, 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы хабарлады.
Оқиға Панчжоу қаласының іргесіндегі Шаньцяошу көмір кенішінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт конвейер лентасынан шыққан.
"16 жұмысшы сыртқа шыға алмай, оқиға орнында қаза тапты", делінген хабарламада.
Қызыл жалын ауыздықталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу