Елімізге жалған құжатпен 39 жүк көлігін әкелмек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Atameken Business.
Заңсыздық "Нұр жолы" кеден бекетінде тіркелді. Тексеру кезінде Қытайда шығарылған көліктердің ЕУРО-5 экология санатына сәйкес келмейтіні анықталған.
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, аталған факті Қылмыстық кодекске сәйкес "Экономикалық контрабанда" болып есептеледі. Қазіргі уақытта Алматы облыстық экономикалық тергеу департаменті тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу