Қытайда Sinopharm вакцинасын пайдалануға рұқсат берілді

952

Екпенің тиімділігі – 79,34%.

Қытайда Sinopharm вакцинасын пайдалануға рұқсат берілді

Қытайдың азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі басқармасы Sinopharm компаниясы жасап шығарған вакцинаны нарыққа шығаруға рұқсатын берді. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Бұған дейін компания өкілдері бұл вакцинаның тиімділігі 79,34%-ға жеткенін хабарлаған еді. Содан кейін Beijing Institute of Biological Products вакцинаны нарыққа шығару үшін елдегі азық-түлік және дәрі-дәрмектерді бақылау жөніндегі мемлекеттік басқармаға өтінішін тапсырған болатын. 

Ескере кететін жайт, Қытай бірінші болып коронавирусқа қарсы екпе жасауға кіріскен еді. Бірақ сынақтың үшінші кезеңі басталған кезде елде вирус жұқтырған науқас қалмады. Сондықтан ғалымдар зерттеу жұмыстарын басқа елдерде өткізуге мәжбүр болды. Sinopharm компаниясының өкілі Лю Цзинчжэньның айтуынша, қазір клиникалық сынақтар БАӘ, Бахрейн, Иордания, Перу, Аргентина мен басқа де елдерде жүргізілді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: xinhuanet.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу