Қытай кеденшілері смартфондарды заңсыз тасымалдаған 26 адамды қолға түсірді, деп хабарлайды 24.kz.
Олар айфондарды Гонгонгтан Шэньчжэнь қаласына дрон арқылы жеткізіп келген. Жергілікті ақпарат құралдары осындай ақпарат таратты. Тәркіленген тауардың жалпы құнын мамандар 500 миллион юаньға бағалап отыр. Контрабандалық топ ішіне 10-ға жуық смартфон салынған дорбаны дрондарға іліп жіберіп отырған. Аппарат бірнеше секундта оларды тиісті жерге жеткізіп береді.
Айта кетейік, Қытай - әлемдегі ең көп дрон шығаратын ел. Елде салмағы 250 грамнан асатын дронды сатып алған адам оны тіркеуі тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу