Қытайда соңғы 2 аптада 2 ірі орман өрті тіркелді

365

Зардап шеккендер жоқ.

Қытайда соңғы 2 аптада 2 ірі орман өрті тіркелді Фото: Ашық дереккөзден

Қытайда жыл сайын табиғат апаттан 300 млн тұрғын жапа шегеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазір көрші елде өрт қаупі жоғары маусым жалғасып жатыр. Соңғы 2 аптада 2 ірі орман өрті тіркелді.

Орман алқаптары күні-түні күзетіледі. Бұл мақсатта дрондар, инфрақызыл радарлар мен бейнебақылау жүйелері қолданылады. Қауіпті аймақтар бақыланып отырады. Алдын алу шараларының арқасында орман өртінен зардап шегетіндер едәуір азайды.

Метеорологтардың пайымдауынша, биыл Қытайда қатты ыстық күндер көп болады. Елдің кейбір өңірлерін қуаңшылық жайласа, басқа аймақта су басу қатері артып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу