CNN-нің хабарлауынша, соңғы 6 айда елде рекордтық температура тіркелді.
Ұлттық климат орталығының мәлімдемесі бойынша биыл Қытайда өткен жылдарға қарағанда аптап ыстық орын алды. 1961 жылдан бері ең ыстық температура орташа алғанда 35 градусқа жетті.
Кей күндері елдің солтүстігінде 40 градустан асқан ауа температурасы 200 миллионнан астам адамды әбігерге салды.
Қытайдың метеорологиялық басқармасының хабарлауынша, аптап ыстық Эль-Нинодағы ауа-райына байланысты болып отыр. Сондықтан елдің оңтүстігінде жаз айларында жауын-шашын, ал солтүстігінде құрғақшылық орын алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу