Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін

2399

Сондай-ақ Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен Қазақстандыққа сот үкімі шықты.  

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылуы мүмкін

Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Atameken Business.   

Осы істі қараған Корея соты осындай үкім шығарды. Ал, прокуратура павлодарлық азаматты заңсыз әрекеті үшін бес жарым жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Десе де судья айыпталушының істеген әрекеті үшін өкініп, кешірім сұрау үшін елімізден Кореяға өз еркімен оралғанын ескерген. Ал баланың ата-анасы отандасымызды кешірмейтіндерін мәлімдеген. Олардың айтуынша, баланы емдеуге алпыс миллионнан астам вон жұмсалған. Ол шамамен елу мың доллардан асады. Сондай-ақ, баланың әкесі мен анасы ұлына қарау үшін жұмыстарынан шығуға мәжбүр болған.

Еске салсақ, Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда 7 жасар  баланы қағып, оқиға орнынан ізін суытқан болатын.

Сонымен қатар, сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатыстыда да түсініктеме берді. Оның айтуынша, Ақжарқынның өлім жазасына кесілмей, өмір бойы бас бостандығынан айырылғаны – бұл біздің дипломаттар мен адвокаттарымыздың азда болса жеңісі. Сондай-ақ, Айбек Смадияров қазір Ақжарқынның отбасы мен заңгерлері сотқа қайта талап арыз беру мәселесін пысықтауда. Шағым қабылданған жағдайда, Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратумен бірігіп, сотталушыны  елге қайтару шарасын қарастырмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу