Қытайда сотталған Қазақстанның үш азаматы елге қайтарылды

764

Қытайда сотталған Қазақстанның үш азаматы елге қайтарылды

14 наурыз күні Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің көмегімен және ҚР Бас прокуратурасының қатысуымен Қытайда сотталған және жазаларын өтеп жүрген 3 азамат Қазақстанға тапсырылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сотталған азаматтарды елге қайтару туралы уағдаластыққа 2016 жылдың 1 наурызында Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевтың ҚХР Әділет министрінің орынбасары Лю Чжицянмен болған кездесуінде қол жеткізілді.

Қазір Қытай аумағында түрлі қылмыс жасап сотталған Қазақстанның 9 азаматы жазасын қытайдың түзеу мекемелерінде өтеп жүр. "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сотталғандарды беру туралы шарттың" күшіне енуін ескере отырып, елшіліктің консулдық қызметі ҚР азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғауға және сотталған азаматтарды Отанына қайтаруға бағытталған тиісті іс-шараларды жалғастырып келеді. Жақын арада 3 азаматты елге қайтару мәселесі қарастырылады.

Айта кетейік, 2015 жылдың қыркүйегінен бастап ҚХР аумағында жазасын өтеп жатқан 14 Қазақстан азаматы елге табысталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу