Қытайда сотталған Қырғызстан азаматшасы еліне қайтарылды

354

Қос тарап сотталған адамдарды беруге қатысты құжатқа қол қойған. 

Қытайда сотталған Қырғызстан азаматшасы еліне қайтарылды Фото: 24.kg

"Торугарт" бақылау-өткізу пунктінде Қытайдағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Қырғызстан азаматшасы еліне тапсырылды. Бұл ақпаратты Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, сотталған әйелді қайтару екі ел арасында жасалған келісім аясында жүзеге асқан. Қос тарап 2012 жылғы 5 маусымда Бейжіңде сотталған адамдарды беру туралы құжатқа қол қойған.

Қырғызстан тарапы тиісті келісімді іске асыру барысында көрсетілген ынтымақтастық үшін Аспан асты еліне алғысын білдірген.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылғандай, бұл мемлекет шетелдегі өкілдіктерімен бірлесе отырып, шетелде сотталған қырғызстандықтардың жазасын одан әрі өз елінде өтеуіне көмектесу бағытындағы жұмысын жалғастырады.

Айта кету керек, бұған дейін Өзбекстан кедейлікпен қалай күресіп жатқаны белгілі болғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу