Қытайда су асты көлік туннелі ашылды

821

5,1 шақырымдық туннель төрт жыл ішінде салынды.

Қытайда су асты көлік туннелі ашылды Фото: www.hk01.com

Ляонин провинциясындағы Далянь порт қаласында (Солтүстік-Шығыс Қытай) су астындағы автомобиль туннелі көлік қозғалысына ашылды, деп жазады Inbusiness.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Даляньвань шығанағының астынан өтетін туннель - секцияларды түсіру арқылы салынған алғашқы су асты жолы, дейді Dalian Bay Undersea Tunnel Co. компаниясының бас инженерінің орынбасары Сунь Чжу.

Оның хабарлауынша, 5,1 шақырымдық туннель алты жолақ бойымен екі жақты көлік қозғалысына арналған. Автокөліктердің жылдамдығы сағатына 60 шақырым төңірегінде болады. Туннельдің құрылысы шамамен төрт жылға созылды.

Туннельге қосылатын жол да дүйсенбіде пайдалануға берілді. Осы жол мен су асты туннелінің арқасында Даляньвань шығанағының солтүстік және Оңтүстік жағалауларындағы кептелістер азайып, Далянь қаласын дамуы үшін мүмкіндіктер ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу