Аньхой провинциясы мен Чун-цин қаласында қазір жағдай қиын. Кей аудандарда лай көшкіні жүріп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Синоптиктер жауын-шашын алдағы күндері де жалғасады деген болжам жасап отыр, деп жазады inbusiness.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.
Жергілікті билік, тұрғындарға алыс жолға шықпауға, сақ болуға ескертеді. Естеріңізге сала кетейік, Қытайда қолайсыз ауа-райы туралы ескертулердің төрт деңгейі бар, онда қауіптің ең жоғары деңгейі қызыл түспен, одан кейін қызғылт сары, сары және көк түспен белгіленеді. Қазір елде қауіптің "сары түсі" жарияланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу