Қытайда су тасқынымен күрес жалғасып жатыр

686

Доксури тайфунының әсерінен 27 шілдеден бастап аймақта толассыз жаңбыр жауып жатыр.  

Қытайда су тасқынымен күрес жалғасып жатыр Фото: ВВС

Қытайда тайфун салдарынан туындаған су тасқынымен күрес жалғасып жатыр. Елдің солтүстігіндегі Хэбэй провинциясынан 1 млн 200 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Әзірге халық көп шоғырланған Хайхе өзенінің бассейнінде су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Метеорологтардың айтуынша, 13 өзеннің суы деңгейінен асып кеткен.

Айта кетейік, Доксури тайфунының әсерінен 27 шілдеден бастап аймақта толассыз жаңбыр жауып жатыр. Оның орташа мөлшері 146 миллиметрден асты.
 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу