Қытайда су тасқынына байланысты мыңдаған адам эвакуацияланды

696

Жауын-шашын салдарынан сел мен көшкін жүрді.

Қытайда су тасқынына байланысты мыңдаған адам эвакуацияланды

Қытай билігі су тасқыны қаупіне байланысты елдің солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясының 4,4 тұрғынын эвакуациялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті басылымдарға сілтеме жасап.

Бірнеше күн бойы провинцияда толассыз жаңбыр жауып, найзағай ойнады. Артынан қатты жел тұрып, бұршақ түскен. Елдің 13 су қоймасындағы су деңгейі максималды көрсеткіштен асып кеткен. Әсіресе Аньшань және Бэньси уездерінің біраз тұрғыны эвакуацияланды.

Жауын-шашын салдарынан тауларда сел мен көшкін жүрді. Ірі тас жолдың бір бөлігі көлік қозғалысын тоқтату үшін жабылған. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды таулы жерлерге бармауға үндеді. Мамандар ауа райы екі күн ішінде қалыпқа келеді деп отыр. 

13 қыркүйекте Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында нөсер жаңбыр үйлердің құлауына және 14 адамның өліміне әкеліп соқты деп хабарланды. Қаза тапқандар – Торгар ауданы мен Абботтабад қаласының тұрғындары. Құрбандардың басым бөлігі – әйелдер мен балалар.

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу