Қытайда су тасқынынан 14 адам қаза тапты

880

Аймақта жаңбыр тоқтап, су қоймалары мен ірі өзендердегі су деңгейі қауіпсіз деңгейге дейін төмендеді.  

Қытайда су тасқынынан 14 адам қаза тапты Фото: РИА Новости

Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан Цзилинь провинциясындағы Шулань қаласына жауған нөсер жаңбырдан кем дегенде 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

"Шуланда 1 тамыздың кешінен басталған жаңбыр тоқтамай жауды. Қазір нөсер басылып, су қоймалары мен ірі өзендердегі су деңгейі қауіпсіз деңгейге дейін төмендеді", - деп хабарлады ақпарат агенттігі.

Қытай билігі Цзилинь провинциясы мен көршілес Хэйлунцзян провинциясының су тасқынынан зардап шеккен аудандарына табиғи апатты жоюға, адамдарды эвакуациялауға, жүктерді таратуға және зақымдалған жолдарды қалпына келтіруге көмектесу үшін екі мың сарбаз бен бес мың Халықтық қарулы полиция қызметкерлерін жіберді.

"Төрт жергілікті шенеунік, соның ішінде Шулань қаласы әкімінің орынбасары қайтыс болды – олар ауданды тексеру үшін сапар кезінде тасқын судың астында қалды", – деп хабарлайды The Guardian.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу