Қытайда су тасқынынан 15 адам опат болды. Сондай-ақ, апат тіркелген Чунцин провинциясында 4 адам із-түссіз жоғалды, деп жазады жергілікті БАҚ.
Еске салайық, елдің оңтүстік-батысы нөсерден қатты зардап шекті. Екпінді су, үйлерді шайып кеткен. Аймақта төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Қытай метеорологиялық агенттігі жауын-шашын әлі бірнеше тәулікке жалғасады, дейді. Айта кетерлігі, осы жазда Қытайда 189 өзен арнасынан асқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу