Қытайда су тасқынынан 196 мыңнан аса адам зардап шекті

1558

Қытайда су тасқынынан 196 мыңнан аса адам зардап шекті

Қытайдың батыс және оңтүстік аудандарында нөсерлі жауынның, су тасқыны мен лай көшкінінің салдарынан 10 адам қаза тауып, төртеуі із-түссіз жоғалды және 196 мыңнан астамы зардап шекті, деп хабарлайды khabar.kz. 

30 маусым мен 2 тамыз аралығында болған табиғат апатынан Гуандун, Сычуань, Юньнань, Гуйчжоу провинцияларындағы 17 қала, Чунцин қаласы мен Гуанси-Чжуан автономды ауданы зардап шекті. Экономикалық шығын 110 миллион юанды (16,3 миллион доллар) құрап отыр. 800-ден астам ғимарат пен 6,5 гектар көлемінде ауыл шаруашылығы жері бүлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу