Қытайда толассыз жауған жауын су тасқынына ұласты. Салдарынан Синьцзян-Ұйғыр автономы аймағында 20-дан аса адам көз жұмды. Тағы 8 кісі іс-түзсіз жоғалғандар қатарында, деп хабарлайды 24.kz.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, 5 жарым мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. РИА агенттігі 9 мыңнан аса нысан су астында қалғанын жазды.
Тасжолдар жабылып, көптеген ғимаратта электр жарығы жоқ. Апат болған аймақта жүргізіліп жатқан іздеу-құтқару жұмысына 3 мыңнан аса адам жұмылдырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу