Қытайда "Яги" супер тайфунның жақындауына байланысты Хайнань провинциясында 420 000-ға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Метеорологтардың айтуынша, қазір "Яги" ҚХР-ға 245 км/сағ жылдамдықпен жақындап келеді. Хайкоу әкімшілік орталығында мекемелердің жұмысы тоқтатылып, білім беру мен ойын-сауық орындары жабылды.
Жауын-шашын мен дауылдың салдарынан су тасқыны күтілуде.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                                                    