Қытайда тайфунның кесірінен 250 ұшақ ұшпай қалды

1423

Қытайда тайфунның кесірінен 250 ұшақ ұшпай қалды

Қытайдың Хайнань провинциясында "Сарика" тайфуны салдарынан Хайкоу қаласының "Мэйлань" әуежайынан шамамен 250 рейс ұшырылмайтын болды. Әуе айлағы дүйсенбіде жергілікті уақыт бойынша 23.30 шамасында жұмысын тоқтатты. Сонымен қатар Хайнань  аралы маңында ұшақтар қаңтарылып тұр.

"Сарика" тайфуны Цюнхай мен Санья қалаларының аралығына дейін жетеді деп болжанған. Оның қуаттылығы супертайфунмен теңесіп, соңғы он жылда аралда болған ірі табиғи апатқа айналуы мүмкін.

ҚазАқпарат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу