Қытайда тас жол опырылып түсіп, 18 көлік үйінді астында қалды

321

31 адам ауруханаға жатқызылды. 

Қытайда тас жол опырылып түсіп, 18 көлік үйінді астында қалды Фото: Синьхуа

Қытайдың оңтүстігіне қарасты Гуандун провинциясындағы Maida көлік магистралінің учаскесі опырылып құлап, салдарынан 18 көлік үйінді астында қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Көлік магистралы 1 мамырға қараған түні жергілікті уақыт бойынша сағат 02.10 шамасында опырылып құлаған. Апат Гуандун-Фудзянь трассасының бөлігінде болды.

Үйінділердің астында 18 көлік қалды. Құтқарылған 30-дан астам адам ауруханаға жатқызылды.

Трассадағы қозғалыс жабылған. Төтенше жағдай орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу