Қытайдың кеден қызметі тауардың кедендік рәсімделуіне кететін уақытты 30 пайызға қысқартуды көздеп отыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Синьхуа агенттігіне ҚХР Бас кеден басқармасының хабарлауынша, елдің кеден қызметі 2017 жылы қызмет ұсынудың деңгейін арттыруға ниетті, атап айтқанда тауардың кедендік тексеруден өту уақытын мейлінше қысқартпақшы.
Қытай кеденінің басшысы Юй Гуанчжоудың айтуынша, ҚХР-дың кеден басқармасы өзге де салалық құрылымдармен бірлесіп кедендегі қондырғыларды автоматтандыруды қысқартуға, адам ресурстарын оңтайландыруға бағытталған тұтас шаралар кешенін әзірледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу