Қытайда Гонконг – Чжухай – Макаоны байланыстыратын әрі теңіз үстінен өтетін әлемдегі ең ұзын көпір ашылады, оның ұзындығы – 55 шақырым, деп хабарлайды 24.kz.
2009 жылы басталған құрылысқа 2 млрд 300 млн-ға жуық АҚШ доллар қаржы жұмсалған.Бұл көпірмен автокөліктер өтетін болады.
Қазірдің өзінде ірі жобаны көру үшін Гонгонгтың Тхай елдімекеніне мыңдаған турист ағылып жатыр. Көпірде көліктер еркін қозғалуы үшін 6 жолақ пен шамамен 7 шақырым суасты туннель қарастырылған. Сонымен қатар оны салу кезінде жақын маңда 4 жасанды арал да бой көтерді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу