Қытайда торнадо кезінде бес адам қайтыс болды

278

Сенбі күні түстен кейін Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының орталығы Гуанчжоу қаласында болған торнадодан бес адам қаза тауып, 33 адам жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытайда торнадо кезінде бес адам қайтыс болды Фото: pexels.com

Жергілікті биліктің хабарлауынша, торнадо қалаға қарайтын Байюнь ауданындағы Чжунлотань елді мекенінде сағат 15:00 шамасында соққан. Құйын болған жерден 2,8 шақырым жерде орналасқан Лянтянь кентіндегі метеостанция желдің максималды екпіні 20,6 м/с болғанын тіркеді.

Провинциялық метеорологиялық басқармасының алдын ала тергеуі торнадоның қарқындылығы қауіптіліктің 3-ші деңгейінде (максималды қауіптілік - 5-ші деңгей) болғанын және шамамен бір шақырым қашықтыққа жылжығанын анықтады.

Апат аймағындағы зардаптарды жоюға қалалық төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушылары, метеорологиялық, өрт сөндіру, тұрғын үй құрылысы және медициналық қызметкерлер, сондай-ақ жергілікті тұрғындар шұғыл жұмылдырылды.

Сағат 22:00-дегі жағдай бойынша іздеу-құтқару жұмыстары негізінен аяқталды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.

Құзырлы органдардың нақтылауынша, 141 өндірістік ғимарат зақымданған, тұрғын үйлер опырылған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу