Қытайда транзиттік визасыз жүру мерзімі 10 күнге ұзартылды

132

Бұл өзгерістің басты ерекшелігі — шетел азаматтарына аймақтар арасында еркін жүріп-тұруға мүмкіндік беру. 

Қытайда транзиттік визасыз жүру мерзімі 10 күнге ұзартылды Фото: РАСПП

Қытайдың Ұлттық көші-қон басқармасы 17 желтоқсан күні жаңа ереже жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді транзиттік визасыз кіру тәртібі толықтай жеңілдетіліп, шетел азаматтарының Қытай аумағында визасыз жүру уақыты 72 сағат пен 144 сағаттан 240 сағатқа (10 күнге) дейін ұзартылды. Сонымен қатар, транзиттік визасыз кірушілерге арналған 21 жаңа өткізу бекеті іске қосылды және рұқсат етілген аймақтар кеңейтілді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, Ресей, Бразилия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада және тағы басқа 54 елдің азаматтары Қытай арқылы үшінші елге барар жолда 24 провинция (аймақ, қала) аумағындағы 60 халықаралық өткізу бекеті арқылы визасыз кіріп, 240 сағат бойы белгіленген аймақтарда жүре алады.

Бұл өзгерістің басты ерекшелігі — шетел азаматтарына аймақтар арасында еркін жүріп-тұруға мүмкіндік беру. Яғни, транзиттік визасыз режим аясында келген шетелдіктер Қытайдың 24 провинциясы аумағында бірнеше өңірді еркін аралай алады.

Алайда бұл тізімге Қазақстан кірмейді, сондықтан қазақстандық азаматтар үшін бұрынғы талаптар сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу