Қытайда ұшқышсыз басқарылатын әуе таксилері жұмысын бастады

320

Аэротакси төрт жолаушыны 250 км қашықтыққа дейін жеткізуге қауқарлы. 

Қытайда ұшқышсыз басқарылатын әуе таксилері жұмысын бастады Фото: 3dnews.ru

Қытайда алғаш рет AutoFlight ұшқышсыз басқарылатын ұшағы қалааралық рейс жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 3dnews.ru сайтына сілтеме жасап.

AutoFlight компаниясының ұшағы жолаушыларды арақашықтығы 50 км болатын Шэньчжэннен Чжухай қаласына небәрі 20 минутта жеткізді. Ал, егер дәл осы бағыттағы сапарды автокөлікпен еңсеретін болса 2-3 сағат уақыт кетеді екен. 

Аэротакси төрт жолаушыны 250 км қашықтыққа дейін жеткізуге қауқарлы. Ұшу жылдамдығы сағатына 200 км болуы мүмкін. Енді AutoFlight компаниясы ақылы негізде қызмет көрсету үшін ұшуға рұқсат алуды жоспарлап отыр. Егер жоспары жүзеге асса, жылына Шэньчжэннен 300 мың рейс орындамақшы.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу