Қытай аэроғарыш ғылымы және техникасы корпорациясы (CASC) 14 шілде күні отандық CH-5 ұшқышсыз ұшатын ұшақты сынақтан өткізді, деп хабарлайды abctv.kz.
Ұшырылым Хэйбэй провинциясы аумағында өтті. Заманауи әскери барлау және шабуылдау техникаларымен жабдықталған бұл ұшақ 60 сағат бойы үздіксіз ұша алады. 10 мың шақырымға, мысалы Қытай мен Лос-Анджелестің арасындай аралыққа ұшуға, сондай-ақ 1 тонна жүкті көтеруге қауқары бар.
Жүргізілген сынақ Қытайдың Орталық теледидарынан көрсетілді.
Бұл ұшақ қоршаған ортаны қорғау, өрттен сақтану және теңіз байлықтарын барлау бағыттарында қолданылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу