Қытайда ұсталған қазақ қызының тергеу изоляторында жатқанына төрт жыл болды

1341

Қытайда ұсталған қазақ қызының тергеу изоляторында жатқанына төрт жыл болды

Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағанбетов қазіргі сот ісі және Ақжарқынның жағдайы туралы айтып берді. Ақжарқын Тұрлыбай қазір тергеу изоляторында Қытайға контрабанда тасымалдау ісі бойынша сот үкімін күтіп отыр, деп хабарлайды Today.kz.

"Сот отырысы ашық болады. Сот отырысының күні белгілі болғанда, сотқа Ақжарқынның отбасынан бір адам қатысу үшін барлық жағдайды жасаймыз. Отбасы мүшелері тез келуі үшін, алдын ала Қытай визасы дайындалды", – деді адвокат.

Адвокаттың айтуынша, қазір Ақжарқынның жағдайы қанағаттандырарлық. Ақжарқын кезекті сот процесіне дайындалып жатқан көрінеді. 

"Соңғы рет Ақжарқынмен кездесуіміз наурыз айының басында өтті. Ол кезде Ақжарқын денсаулығының қанағаттандырарлық екенін және келесі сот отырысына дайындалып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ біз тергеу изоляторынан депозит алдық. Ақжарқын өзі қалаған тамақты, сусынды ала алады. Біз төрт жылдан бері Ақжарқынның тергеу изоляторындағы жағдайы жақсы болуы үшін және тезірек еліне оралуы үшін еңбектеніп жатырмыз", – деді Сұңқар Нұрмағанбетов. 

Естеріңізге сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында төрт килограмм амфетаминді заңсыз өткізгені үшін ұсталған еді. Ақжарқын есіртікіні біреудің салып жібергеніне сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу