Қытайда ұсталған қазақстандық қызды сол елдің адвокаты қорғайды

813

2019 жылдың 27 ақпанында Чжэцзян провинциясы құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан азаматы Юлия Ходеваны ұстағаны мәлім болды.

Қытайда ұсталған қазақстандық қызды сол елдің адвокаты қорғайды

Шанхай қаласындағы Қазақстан консулы есірткі сақтады деген күдікпен қамауға алынған студент Юлия Ходевамен кездеседі, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, осы жылдың 27 ақпанында ҚХР құқық қорғау органдары Қазақстан азаматы Юлия Ходеваны ұстаған. Ол есірткі сақтады және таратты деген күдікке ілінген.

"Қытай азаматы саналатын адвокат қазақстандық студентті қорғайды. Сондай-ақ Юлия Ходеваның ата-анасымен байланыс орнатылды. Шанхайдағы Қазақстанның бас консулдығы аталған мәселені бақылауға алды. Осы аптаның соңында біздің консул уақытша ұстау изоляторына барып,  Юлия Ходевамен кездеседі", –  деді ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Айбек Смадияров Юлия Ходева Қытайда оқып жатқанына 6 жыл болғанын, оның оқуды бітіруіне аз ғана уақыт қалғанын атап өтті.

"Ол консул есебінде болмаған. Сондықтан біздің қызметкерлер оның Қытайда оқып жатқаны туралы білмеген. Шетелдегі қазақстандық студенттерге консул есебіне тұруға кеңес береміз", – деді ресми өкіл.

Айта кетейік, осыған дейін БАҚ-та 2019 жылдың 27 ақпанында Чжэцзян провинциясы құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан азаматы Юлия Ходеваны ұстағаны мәлім болған. Ол есірткі сақтады және таратты деген күдікке ілінген.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу