Қытайда веб-камера арқылы төлем жасауға болады

1214

Қазірдің өзінде Alipay төлем жүйесін әлем бойынша 900 млн адам пайдаланады.

Қытайда веб-камера арқылы төлем жасауға болады

Alipay қолданысқа енгізген технологияның көмегімен сатып алушының бет-әлпетін анықтап, оның шотындағы ақшаны алуға болады. Ол үшін ұялы телефонның номерін Dragonfly /драгонфлай/ жүйесіне тіркеу керек. Содан кейін камераға қарасаңыз жеткілікті. Бұл жүйе қолданыстағы карточка арқылы төлем жасаумен салыстырғанда 80 пайызға арзан. Сондықтан сарапшылар алдағы уақытта сауда орындары жаппай осы технологияны қолданысқа енгізеді деп сенеді. Өйткені қазірдің өзінде Алипэйдің төлем жүйесін әлем бойынша 900 млн адам пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу