Қытайда велосипедтер саны 200 миллионнан асты

101

Велосипед пен электрвелосипедтердің танымалдығы артып келе жатыр.  

Қытайда велосипедтер саны 200 миллионнан асты Фото: LiveJournal

Қытайда велосипедтер саны 200 миллионнан, ал электрвелосипедтер саны 380 миллионнан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Аспан асты елінің қалалары мен елді мекендерде жасалатын күнделікті жүз сапардың шамамен 30-ы велосипедтер мен электрвелосипедтерге тиесілі.

Басылымның жазуынша, велосипед пен электрвелосипедтердің танымалдығы артып келе жатыр. Екі доңғалақты көлік түрлерін пайдалану Қытайда күн сайын шамамен 10 мың тонна көмірқышқыл газының ауаға бөлінуін азайтады. 100 шақырымға 8 литр бензин жұмсалады деп есептесек, велосипедпен жүру күніне 6,6 миллион литр жанармай үнемделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу