Қытайда ядролық қаруға арналған жүзден астам шахта табылды

1698

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында110 шахта іске қосылады.

Қытайда ядролық қаруға арналған жүзден астам шахта табылды

Қытай билігі құрлықаралық баллистикалық зымырандарды ұшыру үшін жүзден астам шахта салуда, деп хабарлайды Inbusiness.kz The New York Times сайтына сілтеме жасап.

Қытай билігі мұндай шахталарды салып жатқандығы туралы дәлелдер коммерциялық жерсеріктердің суреттерінен табылды. FAS өкілдерінің дерегіне сүйенсек, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында құрлықаралық баллистикалық зымырандарды ұшыру үшін 110 шахта іске қосылады.

Бірқатар сарапшы Қытай осылайша өз экспансиясын кеңейтпек деп топшылап отыр. Олар мұндай шахталардың арқасында Қытай Ресей және АҚШ сияқты ірі ядролық державаға айналуы мүмкін деген пікірде. Ал басқа сарапшылар шахталардың өте осал екенін және олардың қуаты басқаларды қорқыту үшін әлі де жеткіліксіз екенін айтты.
Шілде айының басында The Washington Post газеті Қытайдың Ганьсу провинциясында дәл осындай 119 шахтаның құрылысы туралы мәліметті жариялаған еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу