Қытай үкіметі қауіпсіздік мақсатында биіктігі 500 метрден асатын ғимараттарды салуға тыйым салды, деп хабарлайды Inbusiness.kz South China Morning Post газетіне сілтеме жасап.
Ескере кететін жайт, Қытайда әлемдегі ең биік ғимараттардың жартысы орналасқан.
Үкімет сонымен қатар биіктігі 250 метрден асатын ғимараттардың құрылысына да бірқатар шектеу салды. 100 метр не одан жоғары үйлерді өртті тез сөндіруге болатын аудандарда ғана тұрғызуға рұқсат етіледі.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу