Қытайда жалғызбасты адамдарға арналған қосымшаны жүктеп алатындар саны артты

115

Бұл қосымша пайдаланушыға күн сайын хабарлама жіберіп отырады.   

Қытайда жалғызбасты адамдарға арналған қосымшаны жүктеп алатындар саны артты Фото: Profi.Travel

Қытайда "Өлді ме?" деп аталатын жалғызбасты адамдарға арналған қосымшаны жүктеп алатындар саны көбейген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

"Гуанчжоу жибао" газетінің жазуынша, қосымша елдің App Store дүкеніндегі ақылы қосымшалар рейтингінде бірінші орынға шыққан. Оны 8 юаньға (1 долларға жуық) жүктеп алуға болады. Бағдарлама пайдаланушыға күн сайын хабарлама жіберіп отырады. Егер адам екі күн бойы жүйеде белсенді болмаса, үшінші күні адамның электронды поштасына хат келеді.

Көршілес елде осы қосымшаға қатысты қызу пікірталас туды. Кейбір қолданушылар хабарландыру тәсілін SMS арқылы жіберуге ауыстырып, тіркелу процесін жеңілдетуді ұсынған. Ал басқалары қосымшаның атауын  өзгерту керек екенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу