Қытайда жаңа табыс көзі пайда болды

1461

Қытайда жаңа табыс көзі пайда болды

Қытайда қалыңдық пен күйеу бала көрмесі жиі өткізіліп тұрады. Кәсіби жеңгетайлар жалғызбасты қытайлықтарға жар тауып, отбасын құруға көмектеседі. Жыл сайын бұл елде тұрмысқа шықпай, отырып қалған қыздар көбейген. Сондықтан оларға ата-аналары көмектесуге тырысады, деп хабарлайды 24Хабар.

Қытайда "балам өмірлік теңін тезірек тапсын" деп, күйеу бала мен келін іздейтін ата-ана көбейген. Мұндай тілекшіл қарттарды демалыс күндері орталық саябақтан кездестіресіз. Бейжің қаласының тұрғыны Юй Шинруң, Юй Юй есімді 38 жастағы қызына жар іздеп жүр. Келешек күйеу баласына талабы жоғары. Табысы жақсы, мінезі жұмсақ жанға қызымды аттастырсам деген дәмесі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу