Қытайда жаңа вирус тарап жатыр

542

Қытай ауруханаларында жатқан науқастардан тұмау, риновирус және адамның метапневмовирусы анықталған. 

Қытайда жаңа вирус тарап жатыр Фото: canva.com

Бұл вирустардың бірі жеңіл тұмау белгілеріне ұқсайды. Алайда жергілікті билік бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытайдың Ауруларды бақылау және алдын алу басқармасының мәліметінше, 23-29 желтоқсан аралығында ауруханаларда тұмау белгілері бар науқастардан сынамалар алынған.

Инфекциялардың таралуы және өсімі

Түрлі қоздырғыштардан туындаған инфекциялардың таралу деңгейі әртүрлі екені атап өтілді. Ел бойынша амбулаториялық және жедел жәрдем клиникаларында тұмау вирусының анықталу деңгейі өткен аптамен салыстырғанда 6,2%-ға артты.

Мамандар вирустардың таралуына байланысты сақтық шараларын күшейтуді ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу