Қытайда жасалған дрондар АҚШ тарапынан әскери құпияны ұрлаушы деп айыпталды

865

Қытайда жасалған дрондар АҚШ тарапынан әскери құпияны ұрлаушы деп айыпталды

Reuters агенттігінің 5 тамыздағы хабарында, АҚШ Құрлық армиясының біртұтас бұйрық шығарып, қытайлық инновациялық өндіріс орынының өндірген кез-келген түрдегі ұшқышсыз ұшу апараттарын (дрондарды) қолдануға шектеу қойды. Айыптауда айтылуынша, "бұл өнімдерде желілік қауіпсіздікті сақтау жағында көптеген кемшіліктері бар" делінген. Бұл туралы The Qazaq Times сайтында жазылды.

АҚШ Құрлық армиясы бұл шешімді 2 тамызда ғаламторда жария еткен. АҚШ Құрлықтық дивизиясы келесі қадамда Қытайлық "Dajiang" инновациялық өндіріс кәсіпорны өндірген барлық өнімдердің батареяларын, сақтау құрылғылары және қауіпсіздік жабдықтар жинап алмақ болып отыр. Осыған дейін АҚШ Құрлықтық дивизиясы "Dajiang" кәсіпорны өндірген ұшқышсыз ұшу құрлығыларын көптеп пайдаланып келген. АҚШ-тың қытайлық бұл өнімді түбегейлі шектеуі Қытай кәсіпорындарын үмітсіздендірген.

"Dajiang" компаниясы жариялаған хабарламада: "Бұл бізге үмітсіздікті алып кеп отыр. Алдағы уақытта, АҚШ Құрлық дивизиясымен байланыс орнатып, желілік қауіпсіздіктегі кемшілігі бар деген айыптарының мағынасын нақтылағалы отырмыз. Тіпті, Пентагонмен байланыс орнатуға да дайынбыз. Барынша алаңдаушылықты жоюға тырысамыз", – делінген.

2016 жылдың сараптау қорытындысы бойынша, "Dajiang" компаниясы әлемдегі ұшқышсыз ұшу апараттарын өндіру нарығының 70 пайызын иеленеді. Алдағы бес жылда армияларды қамтыған тұтынушыларға құны 100 млрд доллардан асатын өнім өндіруді жоспарлап отырған.

АҚШ құрлықтық дивизиясының қытайлық дрондарды шектеуінің басты себебі - құрлық қосындарының көптеген тәжірибе сынақтарының естелігі қытайлық кәсіпорындар өндірген дрондарда сақталған. Алыстан меңгеруге арналған бұл құрылғылардан Қытай немесе өзге елдердің желілік шабуылдар арқылы осы маңызды құпиялықтарды ұрлап кетуінен алаңдап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу