Қытайдың Гуйчжоу провинциясында пойыз жүретін жер асты жолының құрылысы кезінде жарылыс болып, 12 адам қаза тапты. Тағы 12-сі жараланған.
Жергілікті арналардың хабарлауынша, жарылысқа туннельде бөлінген жанғыш газдың тұтануы себеп болған. Оқыс оқиға орнына жеткен құтқарушылар апат аймағына бірден жете алмаған. Қирандыны аршу жұмысына қатысқан 2 мыңға жуық адам 12 марқұмның мәйітін тауып, жараланған 12 құрылысшыны ауруханаға жеткізді. Қайғылы жағдайға байланысты жергілікті құқық қорғаушылар тергеу амалдарын бастады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу