Қытайда жер сілкінісінен 86 адам қаза тапты

2954

Ганьсу провинциясының Цзишишань уезінде магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жер сілкінісі тіркелді.  

Қытайда жер сілкінісінен 86 адам қаза тапты Фото: dzen.ru

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында болған күшті жер сілкінісінен 86 адам қаза тапты.

Жер сілкінісі салдарынан жою бойынша жергілікті штабтың мәліметінше, дүйсенбі күні кешке Ганьсу провинциясының Цзишишань уезінде магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жер сілкінісі тіркелді.

  • Зілзала салдарынан 86 адам қаза тауып, 96 адам жарақат алды.

Жер сілкінісінің ошағы болған ауданда тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға зақым келгені, сумен жабдықтау және электр қуаты үзіліп, жолдар қирағандығы атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу