Qwen, Doubao және Kimi атты танымал нейрожелілер 7 маусымнан бастап қолданушылар жіберген фото арқылы тапсырмаларды танымайды және сұрақтарға жауап берген жоқ.
Олардың жауабы: "Кешіріңіз, бұл – әділетсіз. Бұл функция 7-10 маусым аралығында қолжетімсіз".
Мұндай шектеу білім саласындағы әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
Айта кетейік, гаокао – Қытайдағы ең маңызды және күрделі ұлттық емтихан, оның нәтижесі бойынша оқушылар жоғары оқу орындарына түседі.
Бұл шешімді елдің интернет қауымдастығы екіжақты қабылдады. Бір тарап оны адалдыққа бағытталған қадам деп бағаласа, екіншісі жасанды интеллектке тым қатты сенім артып кеткен білім жүйесін сынға алды.